Үкімет қаулысымен Ғалым Оразбақов Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Үкімет қаулысымен Ғалым Оразбақов Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметов ұжымға ведомствоның жаңа басшысын таныстырып, мемлекеттік органның алдында тұрған міндеттерді белгіледі.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау тұрғысында Бәсекелестікті қорғау агенттігінің алдында отандық кәсіпорындардың БЭК және КО елдерінің тауарлық нарықтарына қолжетімділігіне тепе-тең жағдайларды қамтамасыз ету, сол сияқты бизнесті жүргізу, бәсекелестік орта қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде маңызды міндеттер тұр, деп атап өтті Премьер-Министр.
С.Ахметов агенттік ұжымына алға қойылған міндеттерді шешуде табыстар тіледі.
* * *
Сондай-ақ, Үкімет қаулысымен Болатбек Қуандықов Тұтынушылар құқықтарын қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.
Соған орай кеше түс қайта Премьер-Министр Серік Ахметов агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырып, ведомство алдындағы басым міндеттерді белгіледі.
Агенттік алдында тұтынушылар құқықтарын және бүтіндей алғанда, отандық тауар өндірушілердің құқықтарын қорғау жөнінде міндеттер тұр. Басымдықтар қатарында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау, өнімдер мен қызметтердің техникалық регламенттерінің сақталуын қадағалау сияқты жұмыстар бар. Ең қысқа мерзім ішінде тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мен қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу қажет, деп атап өтті С.Ахметов.