Оклахома-Сити қаласында (АҚШ) 21-24 тамыз аралығында ескек есу мен каноэде есуден АҚШ-тың ашық чемпионаты өтті. Жарысқа АҚШ пен әлемнің жетекші спортшылары қатысты, оның ішінде тарихта алғаш рет қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық спорт шебері, Нұр-Сұлтан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ануар Акчурин АҚШ спортшысы Гэвин Росспен бірге дуэ-каноэде 200 метр қашықтықта бірінші орынды иеленді.
Жалпы, жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды.
21 тамызда екі күміс медаль, 23 тамызда жеке жарыста күміс медаль, 24 тамызда каноэ-екіде 200 метр қашықтықта алтын медаль және каноэ-төртте 500 метр қашықтықта АҚШ спортшыларымен бірге күміс медаль алды.
Байқау нәтижесі конкурсты ұйымдастырушылардың ресми сайтында жарияланды.