• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2021

Халық санағы үшін қанша көлік алынды?

244 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы халық санағын жүргізу үшін қанша көлік сатып алынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық статистика департаменттерінің қажеттілігі үшін жалпы сомасы 475,4 млн. теңгеге отандық өндірістің 138 дана ВАЗ 21214 «Нива» автокөлігі сатып алынды.

Бұл көліктер аймақтардағы санаққа байланысты іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын болады. Оның ішінде қажетті материалдарды жеткізу, аймақтарды аралау, қажет болған жағдайда сұхбат алушылар мен басқалар қолданатын планшеттерді ауыстыру.

«Санақ аяқталғаннан кейін оларды аудандық статистика басқармалары қызметтік мақсатта пайдаланатын болады. Атап айтқанда, халықтың тұрмыс деңгейі мен жұмыспен қамтылуы, ауылшаруашылық санағы бойынша зерттеулер тұрақты түрде жүргізілмек. Сонымен қатар, аудандық бөлімшелер пайдаланатын көліктердің 10 жылдан астам уақыт бойы жаңартылмағанын да айта кеткен жөн», деп хабарлады ҰСБ «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында.