Түрік Стамбулында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жастар форумының екі күндік IV Бас Ассамблеясы жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында ИЫҰ Жастар форумының басшысы Таха Айхан ұйым мүшелеріне форумның қызметі мен стратегиясы туралы баяндама оқыды.
Бас Ассамблеяға ИЫҰ-ға мүше болып келетін 56 елдің өкілдері қатысуда.
Талқыланатын тақырыптар арасында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының жастар стратегиясы, жастарды дамыту, елдердің экономикалық әлеуетін нығайту, сондай-ақ мәдениет, өнер, спорт, қоршаған орта мәселелері бар.
Бас Ассамблея өз жұмысын бейсенбі, 26 тамызда аяқтайды.