Алматының Алмалы ауданындағы бірқатар ғимараттар бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 тамыз күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Алмалы ауданының Шәріпов-Қарасай батыр - Байзақов-Төле би көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.
«Суық сумен жабдықтау қызметтеріне енгізілетін шектеулер магистральдық желілерге жаңа су құбырын қосу үшін қажет», деп түсіндірді «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.
Судан ажырату уақытында денсаулық сақтау, білім беру объектілеріне және әлеуметтік саланың өзге де ғимараттарына автоцистерналармен су жеткізу ұйымдастырылатын болады.