• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қаңтар, 2014

Өндірісті өңір өрлеуі

294 рет
көрсетілді

Қарағандыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол­дауы талқыланған облыс акти­вінің жиналысы болып өтті.

 

Қарағандыда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол­дауы талқыланған облыс акти­вінің жиналысы болып өтті.

Алқалы басқосуда аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев бұл маңызды құжатта алға қойылған міндеттерді қатысушыларға жан-жақты талдап-түсіндіріп, соған байланысты өңір алдында тұрған келелі мәселелерге кеңінен тоқталды. Мемлекет басшысы ұсынған 10 ілкімді идеяға сәйкес, әрқайсысы бойынша іс-шараларды жіктеп, оны атқарушы мемлекеттік органдар мен өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салаларға нақты тапсырмалар берілді. Аймақтың экономикалық ерекшелігіне орай тау-кен металлургиясы, машина жасау, фармацевтика өнеркәсібін одан әрі дамытуға басым көңіл бөлінетіндігі аталды. Сондай-ақ, табиғи қазыналарды ұтымды қолдана білудің маңыздылығына тоқтала келіп, бұл ретте, мәселен, метан газын пайдалануды іске асыру, мыс қорлары қалдықтарын қайта кәдеге жарату жөнінде міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар, индустриялық-иннова­циялық дамуда үлкен ілгерілеушілік күтіп тұр­ғандығы айтылды. Ағымдағы жылы 13 өндіріс ашылып, 2 мыңға тарта адам жұмыс­пен қамтылуы тиіс. Салынатын 2 жылу-электр стансасы Теміртау мен Жез­қазған қалаларын жылу және электр қуаты­мен қамтамасыз етуді жақсартады.

Жиында «Сарықазына» ЖШС директоры Павел Семиченко, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Раушан Досмағамбетова, облыстық өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының басшысы Рашид Нұрғазиев, «Литуаника» литван этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виталий Тваринос, гуманитарлық колледж оқушысы Ольга Татунович сөз сөйлеп, жаңа Жолдау еліміздің өсіп-өркендей түсуіне тың серпіліс туғызатынына ризалық білдірді.

«Қазақстан» шахтасының кеншісі Қанат Мұстафин шахтерлердің Президент Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатына қолдау білдірген үндеуін таныс­тырып, облыс әкіміне табыс етті.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.

Соңғы жаңалықтар