• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 26 Тамыз, 2021

Нығматулин Швейцария парламентінің спикерімен кездесті

153 рет
көрсетілді

Қазақстанға алғаш ресми сапармен келген Швейцария Федералды Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эби Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесіп, екі ел парламентінің ынтымақтастығын нығайтуға ниетті екенін білдірді, деп жазады Egemen.kz. 

Нұрлан Нығматулин бұл әріптестік кездесудің тарихи маңызы терең деп атап өтті.

Швейцария Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эби өз кезегінде Қазақстанның даму қарқынын жоғары бағалап, еліміздің Орталық Азияда жетекші орын алатынын баса айтты. Сондай-ақ Қазақстан Парламентінің демократиялық балансты сақтап, оны дамытудағы маңызын ерекше бағалады.

«Қазақстан демократиялық мәселеде үлкен жетістікке жеткенін атап өткім келеді. Бұл сіздің елдегі экономикалық прогресс сияқты маңызды өзгеріс деп ойлаймын», деді Андреас Эби.

Мәжіліс Төрағасы Парламентаралық өзара әрекеттестікті нығайту мақсатында  швейцариялық әріптесіне ынтымақтастық топтары деңгейінде тұрақты байланысып, заң шығару тәжірибесімен алмасу жөніндегі мамандандырылған комитет құруды ұсынды.

Нұрлан Нығматулин Ауғанстандағы жағдайды айта келе,  халықаралық парламенттік қоғамдастық Ауғанстандағы ұлттық татуласу үдерісін ілгерілету қажет деген пікір білдірді.