Францияның Ауғанстандағы елшісі осы елдегі қатердің күшеюіне байланысты өз еліне оралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Ирландияға ресми сапары кезінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Париждің Ауғанстанда дипломатиялық өкілдігі әзірге болмайтынын айтты.
Француз көшбасшысы Кабулдағы Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежай аймағындағы жарылыстардан кейін Ауғанстан астанасында тұрақсыз қауіпсіздік жағдайы сақталғанын атап өтті.
«Қауіпсіздік мақсатында Францияның Кабулдағы елшісі әзірге Ауғанстанда болмайды. Бірақ ол Парижде жұмысын жүргізе береді. Дипломатиялық миссия қызметкерлері де бұл елден кетеді», деп түсіндірді мемлекет басшысы.