• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Тамыз, 2021

ІІМ: Жамбыл облысында эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетуде

209 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша тұрғындарды эвакуациялау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына Жамбыл облысы Полиция департаментінің 300 полицейі мен 47 автоэкипажы, сонымен қатар Ұлттық ұланның 520 әскери қызметшісі жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына апарар жолдар, автожолдар мен «Тараз-Алматы» бағытындағы теміржол уақытша жабылған. Қазіргі кезде Тараз қаласының мектептеріне Байзақ ауданының Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдары және Үшбұлақ стансасының 1 200-ге жуық тұрғыны эвакуацияланған.

Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы өрттің тұтануы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабына (Қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) сәйкес соталды тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және тонауды болдырмау мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді қоршау және патрульдеу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі тексерілмеген немесе көрінеу жалған ақпаратты таратуға жол берілмейтіні туралы ескертеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, осы ахуалға байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: - 109 телефон нөмірі; - 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. Сонымен қатар, - 8(7262) 51-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.