Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бойынша, балалар бірнеше ғимаратқа кіру үшін Ashyq-тан өтуі керек, деп жазады Egemen.kz.
«12 жастан асқан балалардың компьютерлік клубтарға, цирктерге, кинотеатрларға, балалардың сауықтыру орталықтарына, облысаралық және қалааралық туристік тасымалдарға «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа платформаларда (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) ерікті түрде тіркеле отырып кіруін қамтамасыз етсін», деп жазылған қаулыда.