Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ ұйымдастырған «Атамекен» экспедициясы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспедицияның негізгі мақсаты - өңірлердің тарихи-мәдени және туристік әлеуетін таныту.
Басылым қызметкерлері Қазақстанның барлық облыстарын аралап, ондаған киелі және туристік нысандарды аралайды.
«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Владимир Курятов бастаған делегация Ақмола облысына барып, Көкшетауда облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімовамен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, журналистер «Науан Хазірет» кесенесіне барады.
Экспедиция қатысушылары Щучье-Бурабай курорттық аймағында ашық аспан астындағы «Ботай - Бурабай» мұражайына, «Абылай хан» сәулет-мемориалдық кешеніне, мультимедиялық интерактивті кешеніне барып, «AQBURA Resort» жаңа туристік нысанымен танысады. Сапар Кенесары үңгірі мен басқа да жерлерде жалғасын табады.