Қорғаныс министрі өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шығып, оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрімен және облыс әкімімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт салдарын жою мақсатында бірлескен іс-қимылдар жоспарланып, үйлестірілді.
Негізгі күш-жігер халықтың 100% қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазалауға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда.
Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді.