Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан Президентіне Жамбыл облысындағы қоймалардағы жарылыстың қайғылы салдарына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жамбыл облысындағы жарылғыш заттар жарылысының қайғылы салдарына байланысты көңіл айтамыз. Қаза тапқандардың отбасыларына деген жанашырлық пен қолдау сөздерін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», деді Ресей президенті Владимир Путин.