• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Тамыз, 2021

«Жарылғаш зат бар». Жалған ақпар берген қарағандылық құрықталды

170 рет
көрсетілді

Белгісіз ер адам 102-ге қоңырау шалып, Қарағандының «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйіне бомба қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz  Қарағанды облыстық Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 12.05-те «102» пультіне «Орталық әмбебап дүкен» сауда үйіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барлық мамандандырылған қызметтер жіберілді. Ғимараттан 80-ге жуық адам эвакуацияланды.

«Полиция қызметкерлері ғимаратқа тексеру жүргізді, жарылғыш заттар табылған жоқ. Сағат 13.00-де доғару командасы берілді. Қазіргі уақытта қоңырау шалушы анықталып, ұсталды. Ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.