• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Тамыз, 2021

 Англия пластик ыдыстарды тұтынуға тыйым салады

175 рет
көрсетілді

Англия билігі «пласт­массаға қарсы соғыс» жариялады. Осы жобаның аясында бір рет қолданылатын пластикалық ас құралдарына, ыдыстарға тыйым салынбақ.

Билік өкілдері бұл қадам қоқысты азайтуға, мұхиттардағы пластикалық қалдықтардың мөлшерін төмендетуге септігін тигізетінін айтып отыр. Күзде осы бастама бойынша талқылау жүрмек. Бірақ үкімет тыйым салу аясы кеңеюі мүмкін екенін де жоққа шығармады.

Бірақ қоршаған ортаны қорғау белсенділері мұны да сынға алып отыр. Олар табиғатты сақтап қалу үшін шұғыл әрі кең көлемді шаралар қажет екенін алға тартады. Англияның мұндай қадамға баруының себебі бар.

Шотландияда, Уэльсте және Солтүстік Ирлан­дияда бір рет қолданылатын пластикалық ас құрал­дарына тыйым салынған. Еуропалық одақ шілдеде осындай қадамға барды. Осылайша, Англия да солардың ізімен жүрмек.

Орташа есеппен Англияда әр адам жыл сайын бір рет қолданылатын пластикалық ыдысты  18 мәрте және пластикалық ас құралдарын 37  мәрте пайдаланады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заң әзірге Парламентте жатыр.