• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 31 Тамыз, 2021

Паралимпиада: 50 жастағы велосипедші алтын алды

537 рет
көрсетілді

Кейко Сугиура Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында әйелдер арасындағы C1-3 жарысында Жапонияның ең жасы үлкен алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сугиураның Fuji International Sppedway-де уақыты 25 минут 55,76 секундты көрсетіп, 1996 жылы Атланта қаласындағы Паралимпиада ойындарындағы 46 жастағы Такио Ушикубоның рекордын жаңартты.

Ол сондай-ақ Паралимпиада ойындарында алтын жеңіп алған бірінші велосипедші және жалпы есепте төртінші спортшы болды. Швеция спортшысы Анна Бек( 26: 18.03) күміс жүлдегер атанса, австриялық Пейдж Греко (26: 37.54) қола жүлдені қанжығасына байлаған.

Сугиура денесінің оң жағы сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ 45 жасында веложарыс кезінде құлап, есте сақтау қабілеті бұзылған.

Сидзуока префектурасының тумасы оңалту аясында велосипед айдауын жалғастырып, 2017 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлдеге, 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген.