Алматыда Наурызбай аудандық полиция бастығының орынбасарына қызметкерлерді ұрды деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желілерде лауазымды тұлға қол астындағы қызметкерлерге қол көтергені туралы бейнежазба тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру басталды.
«Бұл факт бойынша қызметтік тексеру басталды, оның барысында бейнежазба толық зерттеліп, мән-жай анықталады. Полиция департаментінің Тәртіптік комиссиясы күдіктілерге қатысты түбегейлі шаралар қабылдайды», деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.