• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

Тіс емханасында 22 жастағы қыз көз жұмды

203 рет
көрсетілді

Алматыда 22 жастағы бойжеткен тіс емханасында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желіде жарияланды.

Қалалық полиция бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.

«Аталған факті бойынша тергеу басталды. Қылмыстық іс Әуезов аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады департаменттен.