Еуроодақ АҚШ, Израиль, Косово, Ливан, Черногория және Солтүстік Македониядан келген туристерді елге кіргізбеуге кеңес берді, деп жазады Egemen.kz.
Одақ бұл елдерде Дельта штамынан соңғы апталарда індет қайта өршігені үшін осындай кеңес берген.
Аталған елдерде COVID-19-ға қарсы егілмеген тұрғындардың вирус жұқтыруы артқан. Осыған байланысты осы елдерден келген туристерге ПТР-тест тапсыртқызып, карантинге жатқызу сияқты шараларды қалпына келтіру ұсынылған.
«Ал АҚШ Еуроодақ тұрғындарының емін-еркін кіруіне тыйым салды. Бірақ бұл елдің Ауруды бақылау және алдын алу орталығы болса туристер үшін ең қауіпті 4-дәрежелі елдер қатарына Швейцария мен Пуэрто-Риконы жатқызған. Яғни қос елге тек толықтай вакциналанған азаматтарға ғана саяхаттауға кеңес беріледі», деп хабарлады «Хабар 24».