3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен бейнеконференция форматында өтетін Шығыс экономикалық форумына қатысады. Бұл жайында Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жыл сайын Владивостокта өтетін форумның биылғы тақырыбы «Құбылмалы әлемдегі Қиыр Шығыстың жаңа мүмкіндіктері». Шара барысында Азия-Тынық мұхиты аймағы сауда-экономикалық ынтымақтастығының жаңа механизмдері талқыланбақ», деп жазылған хабарламада.