Риддер полицейлері орман өртінің алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Риддерде 30-дан астам үй өртенген қорқынышты оқиғадан кейін бірнеше ай өтті.
Сол алқапқа жақын жерді патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері орман жақтан түтінді байқады. Белгілі болғандай, екі жергілікті тұрғын мас күйінде от жаққан.
От жалыны шырша мен қарағайдың бұтақтарына жетсе, оттың ұшқындары жапырақтары мен шөптеріне тисе, өрт шығуы мүмкін еді.
«Орман өртінің пайда болу қаупін полицейлер өз күштерімен жойды, ал ішімдік ішкен және от жаққан адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.