• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

169 рет
көрсетілді

Екібастұзда жергілікті деңгейде техногенді төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасының екінші сорғы бекетінде өрт шықты. Соның салдарынан нысанның сорғы агрегаттары жанып кетті. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сарапшылар төтенше жағдайдан 270 миллион теңге көлемінде шығын келгенін айтады.

Ал кәсіпорын басшысы су арнасына жақын елді мекендерде су тапшылығы болмайды деп сендіруде. Себебі Екібастұз қоймасында 17 миллион текше метр су қоры бар. Бұл Павлодар мен Қарағанды облыстарының тұрғындарына 5-6 айға жетеді. Өрт салдарын жою жұмыстары 10 күннің ішінде аяқталады деп жоспарланған.