• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Тамыз, 2021

Маңғыстауда бірнеше шенеунік қамауға алынды

360 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ және мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылында 477,6 миллион теңге сомасына су тазартқыш қондырғысы мен ауыларалық су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды.

Сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес атқарылмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құрайды.

Мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің және құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдардың басшылары тұлғасындағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.