• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 31 Тамыз, 2021

Мұражай директоры Президент болып сайланды

367 рет
көрсетілді

Эстония Парламенті Ұлттық музейдің директоры Алар Каристі Президент етіп сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz Estonian World-қа сілтеме жасап.

Сайлаудың екінші кезеңінің жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша 63 жастағы Алар Каристің кандидатурасын Парламент мүшесінің 72 депутаты қолдады.

30 тамыздағы дауыс берудің бірінші кезеңінде Алар Карис өзінің пайдасына 63 дауыс жинады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Алар Карис білімі бойынша молекулярлық генетик және даму биологы мамандығын Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ветеринария факультетін бітірген.

2003 жылдан 2007 жылға дейін Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ректоры, ал 2007 жылдан 2012 жылға дейін Тарту университетінің ректоры болды.

2013 жылдан 2018 жылға дейін ол Эстонияның бас бақылаушысы - мемлекеттік бақылаудың, салық төлеушілер қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтитын тәуелсіз мекеменің басшысы қызметін атқарған.