1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында Ұлттық санақтың онлайн кезеңі жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Сайтқа тәулік бойы кіріп, деректерді толтыруға болады. Бланкты толтыруды тоқтату және кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі бар.
Онлайн санаққа қатыспаған тұрғындар үшін 1-30 қазан аралығында Ұлттық санақтың оффлайн кезеңі өтеді. Бұл кезеңде санақ жүргізуші интервьюерлер үйлерге барып, мәліметтерді арнайы планшетке енгізеді.
Онлайн санақ қазіргі пандемия кезінде халыққа берілген баламалы әдіс ретінде қарастырылып отыр.