• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 01 Қыркүйек, 2021

Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

406 рет
көрсетілді

1 қыркүйек күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында болжанады. Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.