Испаниялық үкіметтік емес ұйымдардың бірі Жерорта теңізінде 23 мигрантты құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Ағаш қайыққа мінген босқындар Тунистен Италияға қарай өтпек болған. Қауіпті жолға шыққан келімсектердің арасында 4 бала бар.Құтқарылған мигранттар Италияның жағалау күзетіне тапсырылып, осы елдің портына жеткізілді. Ресми дерекке қарағанда биыл қаңтар айынан тамыздың басына дейін Италияға теңіз арқылы 30 мыңнан астам мигрант келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.