• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 01 Қыркүйек, 2021

Путинцева мен Диас Astana Open WTA 250 турниріне қатысады

196 рет
көрсетілді

Әлемдік рейтингте 33-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен рейтингте 110-сатыға жайғасқан Зарина Диас 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Astana Open WTA 250 турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы таратқан мәлімет бойынша, отандастарымыздан бөлек, жарысқа шақыртылған теннисшілердің қатарында әлемнің 52-ракеткасы ресейлік Людмила Самсонова, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы және «Үлкен дулыға» додасының бес турнирінде топ жарған француз Кристина Младенович, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы жекелей сында екі «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі – ресейлік Вера Звонарева бар.

Халықаралық турнирде сондай-ақ швециялық Ребекка Петерсон (54), чех қызы Тереза Мартинцова (60), Бельгия теннисшісі Алисон Ван Эйтванк (61), румыниялық ойыншы Ирина-Камелия Бегу (63), словениялық Полона Херцог (86), хорваттиялық Анна Конюх (88) және басқалар қатысады.

Тағы төрт спортшы іріктеу арқылы турнирдің негізгі кезеңіне өтеді, ал қалған төртеуі ұйымдастырушылардан wild card алады.