• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 01 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда тегін гүл таратқан дүкен иесі жауапқа тартылады

484 рет
көрсетілді

Дүкен иесі Instagram әлеуметтік желісінде "1 қыркүйекке орай 300 гүл шоғы тегін" акциясын жариялаған. Бұл шара адамдардың бір жерде көптеп шоғырлануына себеп болып, карантин талаптарын бұзған, деп жазады Egemen.kz   Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Нұр-Сұлтан полициясы 1 қыркүйек қарсаңында тегін гүл таратқан дүкен иесіне қатысты материал жинақтап жатыр.

31 тамызда сағат 17.23-те "Байқоңыр" ауданындағы полиция басқармасының учаскелік инспекторына астана тұрғынынан Сейфуллин көшесіндегі гүл дүкенінің жанында 100-ге жуық адам жиналғаны туралы хабарлама түскен.

"Дүкен иесі Instagram арқылы "1 қыркүйекке орай 300 гүл шоғы тегін" акциясын жариялағаны анықталды. Ол бұл шара адамдардың бір жерге көптеп шоғырлануына себеп болатынын есепке алмаған", деді полиция.

Дүкен иесін жауапкершілікке тарту үшін жинақталған материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.