• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2021

Алматының кейбір аудандарында ыстық су тоқтайды

350 рет
көрсетілді

Алматының бірқатар тұрғын алаптары ЖЭО-2-нің жылу беру маусымына дайындығына байланысты, ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«АлЭС» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алматының бірнеше тұрғын алабы ыстық судан уақытша ажыратылады.

«Сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін ыстық су «Айнабұлақ» және «Дорожник» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, сондай-ақ көшелер контурына түспейтін болады», делінген хабарламада.

Мамандардың ақпараты бойынша, ыстық сумен жабдықтауды қалпына келтіру құбырларды жылу тасымалдағышпен толтыру шамасына қарай кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.