• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 01 Қыркүйек, 2021

Мәжіліс рақымшылыққа байланысты заң жобасын қарайды

271 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқылауды бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 29 қазандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай ізгілік қағидаты негізінде қалмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан әрі қылмыстық жауаптылықтан босатуға, жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған», деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Оның айтуынша, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды, оның ішінде әлеуметтік осал санатындағы ел азаматтарын жазадан босатуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, ҚР Ішкі істер министрлігі «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын қоғам талқылауына ұсынды.