• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанның орталығында көлік өртенді

237 рет
көрсетілді

Елордада «Азия-Парк» сауда орталығының жанында шағын автобус өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнына мамандар жұмылдырылды.

«Бүгін 10.40 уақыты шамасында Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, «Азия-Парк» СОО қарама-қарсы, Volkswagen маркалы шағын автобус өртенді. Оқиға орнына 12 қызметкер мен 2 техника жөнелтілді», деп хабарлады ТЖД.