• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да бір күнде төрт өрт оқиғасы тіркелді

237 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында бір күннің ішінде төрт өрт сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 қыркүйекте Алтай ауданындағы Панфилов көшесінде 3 қабатты кірпіштен салынған көппәтерлі үйде өрт шыққан. Бірінші қабаттағы пәтерде есік, жиһаз бен тұрмыстық техника жанды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған тілсіз жауды ауыздықтады», деп жазылған ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.