• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Қыркүйек, 2021

Қырғызстанға Қазақстан бағасы ұнамай отыр

218 рет
көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын өзара жеткізу әдістемесі анықталады. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында айтылды, деп жазады Egemen.kz.

Сенат депутаттары «Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты өзгерістер енгізуге бағытталған хаттаманы» ратификациялады. Энергетика министрінің орынбасары Қайрат Рахимов одаққа мүше мемлекеттердің электр энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігі артатынын айтты. Қырғызстан электр энергиясының 80 проценттен астамы су электр станцияларында өндіріледі. Су аз болғандықтан, ел электр қуатының тапшылығына тап болды. Осы орайда, «айырқалпақты» ағайын электр энергиясын жеткізу мәселесі бойынша Қазақстанға жүгінген. Өткен жылы еліміз нарықтық төмен бағамен 52 миллион киловатт қуат көзін жеткізді. Биыл Қырғызстан Қазақстан ұсынған бағаға қанағаттанбай отыр. Осыған орай тараптар тауар алмасу процесін өзгертуге келісті.«Одаққа мүше мемлекеттер аумағы бойынша Қырғызстан тарапынан электр энергиясын мемлекетаралық беру өзара қарым-қатынастарын реттеу шеңберінде хаттама әзірленді. Оның мақсаты Қырғыз Республикасын шартқа қосылуына байланысты Одақ елдері арасында электр энергиясын мемлекетаралық берілуін жүзеге асыру әдіснамасын айқындау болып табылады. Хаттама жобасы 2017 жылғы 13 қаңтарда ЕАЭО кеңесінің өкімімен мақұлданған», деді ҚР энергетика министрінің орынбасары.