• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Қыркүйек, 2021

Петропавлда аялдаманың әйнегін шаққан бойжеткен сотталды

293 рет
көрсетілді

Петропавлда спирттік ішімдік ішіп, аялдаманың әйнегін шағып тастаған 20 жастағы бойжеткенге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Петропавлда Н.Назарбаев көшесіндегі аялдаманың әйнегін сындырған бойжеткенге қатысты сот үкімі шықты.

Петропавл қалалық әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған соты қоғамдық орында мас күйде әдепсіздік танытқан облыс орталығының тұрғынын 434 баптың 1 бөлігі - «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп тапты. Бойжеткен сот үкімімен 3 тәулікке қамауға алынды.

Естеріңізге салайық, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны полицияға хабарласып, құрылыс-экономикалық колледждің маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан еді. Полицейлер бұзақыларды сол жерде ұстады.

«Аялдама павильондарын бұған дейін де бұзақылар зақымдап келді. Биыл қаңтар айында бірден үш аялдаманы қиратқан жігіттерге қылмыстық іс қозғалды. Олар мұндай құқықбұзушылыққа арақтың буымен барады», дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы Рустам Садулов.

Жалпы СҚО-да жыл басынан ұсақ бұзақылық жасағандарға қатысты 2300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған.