• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 03 Қыркүйек, 2021

Шетел компаниялары шоғырланған

638 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері шетелдік 25 ІТ-компания Astana Hub-тың қатысушысы атанды. Технопаркке бұған дейін мұншама көп компания тіркелген емес.

Astana Hub 2019 жылдан бері шетелдік ІТ-компаниялармен әріп­тестік байланыс орнатып келеді. Сондай-ақ оларды тех-­ н­о­парктің қатысушысы, яғни ­ре­зиденті атануға шақыруда. ­Бұл ретте оларға түрлі жеңілдік­тер қарастырылған. Атап айт­қан­да, шетелдік стартаптар Astana Hub арқылы салықтық жеңіл­дік­ке ие. Визалық режім де же­ңілдетілген. Бұдан бөлек, оларға PR, ІТ-қоғамдастық­пен және халықаралық инвесторлармен ықпалдасу тұрғысынан көмек көрсетіледі. Тиісінше, ше­телдік компаниялардың жер­гілікті на­рыққа бейімделуі жылдам әрі жеңіл өтеді.

Astana Hub ұсынған же­ңіл­­діктердің нәтижесі болар, жыл басынан бері тех­но­парк­ке шетелдік 25 ІТ-ком­пания тіркелген. Жоға­ры­да айт­қа­ны­мыздай, бұл – рекор­дтық көр­сеткіш. Осылайша, 25 компания технопарк эко­жүйесінің мүшесі атанып, Қа­зақ­станда өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Бүгінде аталған компанияларда 130-дан астам адам жұмыс істейді. Жақын уақытта олар тағы да 306 адамды жұмысқа қабылдамақ.

Тарқата айтар болсақ, біз­дің технопарктен орын ал­ған компаниялар негізінен Қыр­ғызстан, Ресей, Украина, Бе­ларусь, Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Син­гапур, Ұлыбритания, АҚШ се­кілді мемлекеттерден келген. Солардың бірі – Ozim Scooters. Қырғызстандық ком­па­ния Орталық Азия бойынша электрлі самокаттарды жал­ға берудің алғашқы желісін қа­лыптастырған. Бүгінде бұл ком­панияның самокатта­рын Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­кент қалаларынан кездестіруге болады.

Компания COVID-19 пандемиясы өршіп тұрған 2020 жылдың шілдесінде электрлі самокаттарды жалға берудің жаңа сервисін іске қосты. Әри­не, карантиндік шектеулер кезінде мұндай жобаны жүзеге асырудың өзі үлкен нә­тиже. Бұл жерде команда жұ­мысының тиімділігі мен биз­нес-модельдің өміршеңдігі де өз жемісін бергені анық. Атап өтерлігі, компания жобаны іске қосқаннан кейін бір айдан соң өз-өзін толық ақтаған. Осылайша, Ozim Scooters 2021 жылдың наурызында Шымкентте, ал сәуір айында елордада өз қызметін іске қосты. Компанияның жеке ІТ-платформасы мен мобильді қосымшасы бар екенін еске сала кеткен жөн. Оның бәрі уақтылы жетілдіріліп, жа­ңар­тылып тұрады.

Ұлыбританиялық стартап Қазақстан мен Орталық Азия­ның бейнеконтентіне арналған жаңа буынды Salemix платформасын ұсынып отыр. Salemix түпнұсқа контентке басым­дық береді әрі оның көптілді кітапханасы бар. Salemix ком­паниясының технологиялық се­ріктесі – Ericsson. Компания әлемнің 9 мемлекетінде жұ­мыс істейді. Сонымен қатар әлем­нің 140-тан астам елінде Ericsson-ның техникалық және операциялық мүмкіндіктерін пайдаланады.

– Шетелдік ІТ-компа­ния­лардың Қазақстанға деген қы­зығушылығы артып келеді. Жыл соңына дейін Astana Hub-тың қатарына тағы да шетелдік компаниялар қосылады деген сенімдеміз. Біз оларға тұтас бағдарламалар қатарын ұсынып отырмыз. Бұл шетелдік стартаптарды қызықтырары анық. Оның үстіне біз Astana Hub-тың жұмысын әрдайым жетілді­ріп отырамыз, – дейді Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мәдиев.