• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 03 Қыркүйек, 2021

«Цифрлы теңге» енгізіле бастады

134 рет
көрсетілді

Қазақстан Ұлттық банкі «Цифрлы теңге» қанатқақты жоба­сының жүзеге асырылу барысын талқылау үшін қаржы нары­ғына қатысушы тараптармен кезекті кездесуін өткізді. Пікір­таласқа Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банк өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Кездесу аясында жоба­ның қа­зір қандай деңгейде жүзе­ге асырылып жатқаны, соның ішін­­де Ұлттық банктің цифр­лы валютаны әзірлеуде тех­но­­логиялық архитектура мен әлем­­дік трендтерді қа­лай қол­­данып жатқаны таныс­ты­рылған.

Технология мен төлем жү­йесі қатар дамып жатқанын ес­керсек, цифрлы теңге қолда­ныстағы қолма-қол және қолма-қол емес төлем жүйелеріне қо­­сымша ретінде жаңа төлем ин­фрақұрылымы бола алатын­дай әлеуеті бар. Цифрлы тең­гені енгізе отырып, тө­лем қызметі нарығындағы бәсе­кені арттыруға, қаржы тех­но­логиясын дамытуға жаңа­ша серпін беруге, сондай-ақ аймақ­тардағы қаржы қызметтерінің қол­жетімділігін арттыруға мүм­кіндік туады.

«Талқылау барысында цифр­лы валюта қаржы тұрақ­тылығына қалай әсер етеді де­ген, тұтынушылар үшін тө­лем жасау қаншалықты ың­ғайлы болатыны, сондай-ақ тәуе­келдерді төмендетудің жол­дары қандай деген мәсе­ле­лер талқыланды. Қаржы нары­ғы­ның қатысушылары мүд­делі та­раптардың барлығын тәжі­рибеде қолдануға болатын ше­шімдерді іздеу үшін сауал­дама мен сұхбаттасудан өту­ге шақырды. Қанатқақты жо­баға нарықтағы тараптардың бар­лығы шектеусіз қатыса алады. Қазіргі таңда «Цифрлы теңге» қанатқақты жобасын жүзеге асы­руға екінші деңгейлі 3 банк қатыса бастады», делінген Ұлт­тық банк хабарламасында.

Қазақстан Ұлттық банкі қар­­жы нарығындағы тараптар мен қоғам арасында жобаның нәти­желерін талқылап, сол тал­қылаудың нәтижесін ортаға салып отырады.