• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2021

Құс фабрикасында тауықтар қырылып жатыр

686 рет
көрсетілді

Ақмола облысындағы Бурабай ауданының Зеленый Бор ауылындағы құс фабрикасында тауықтар аштан қырылып жатыр. Жалақының үнемі кешігуіне байланысты қызметкерлер де күнін әрең көріп отырғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, құстарға жем екі аптада бір рет беріледі. Аштықтан күніне үш мыңға дейін тауық өледі. Енді қызметкерлердің жалғыз міндеті - өлген құстарды торлардан шығару.

«Менде 50 мың тауық болған. Енді тек 6 900 ғана қалды. Бұл - өте қорқынышты. Күн сайын өліп жатыр», дейді бір құс шаруашылығының иесі.

Құс фабрикасының қызметкерлеріне де аштық қаупі төніп тұр. Мұнда жалақы 50 мыңнан аз және екінші айға кешіктірілген.

«Бес жыл бойы біз жалақымызды уақытында алмаймыз, үнемі жалынуға мәжбүрміз. Ақшамыз жем алуға да жетпейді. Сонымен қатар зейнетақы шотымызға, медсақтандыруға да ештеңе аудармайды», дейді сұрыптаушы Ирина Боролись.

Кезіндегі ірі құс фабрикасы қазір өңірді жұмыртқамен де, етпен де қамтамасыз етуді әлдеқашан тоқтатқан. Басшылықтың айтуынша, мәселе қыста құст жемі қымбаттаған кезде басталған. Содан кейін бәсекелестер нарыққа шыққан. Енді компания банкрот болудың алдында тұр.

«Басында майлы дақыл жетіспеді. Содан кейін Президент экспортқа тыйым салды. Сондай-ақ нарықта Ресей жұмыртқасы көп. Қазақстандық жұмыртқаның бағасы төмендеп кетті», дейді «Агро-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Асқар Ақылбеков.

Кәсіпорын басшылары тірі қалған құстарды сатуды жоспарлап отыр. Табыс жалақы бойынша берешекті жабады. Зауыттың өзі үш айға жабылатын болды.