• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қыркүйек, 2021

Президенттік жастар кадр резервіне құжаттар қабылдау басталды

356 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл Президенттік жастар кадрлық резервіне 50 резервшіні іріктеу қажет, деп хабаралайды Egemen.kz ҚР МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде «pkrezerv.gov.kz» платформасында онлайн-режимде басталды.

Екі күн ішінде іріктеуге қатысуға 1 251 өтінім берілді. Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі, жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, мемлекеттік тілді ортадан төмен емес деңгейде меңгерген ҚР азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі үш жылды құрайды. Резервшіні Бос мемлекеттік лауазымға тағайындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.