• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қыркүйек, 2021

Шахтинск қаласы әкімінің тергелгені рас па?

362 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтоновқа қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр деп тараған ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік желілерде Әскербек Халтоновқа қатысты соталды тергеу жүріп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, 2018 жылы тексеру жүргізілгенін, оның барысында қаржылық заңбұзушылықтар анықталмағанын хабарлаймыз»,  деген әкімдік.

Халтонов 2021 жылы сәуірде Шахтинск қаласының әкімі болып сайланды. Бұған дейін ол Қарағанды ​​облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.