Алматыда ұялы телефон сатушыларын 30 миллион теңгеге алдап кетке алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алматы қаласының Алмалы ауданының полицейлері 22 жастағы А. есімді азаматша өзін ұялы телефондарды бөлшек саудада сатушы ретінде таныстырып, көтерме жеткізушілердің телефондарын да, ақшаларын да ұрлап алған.
«Полицияға ресми түрде төрт жеке кәсіпкер арыз жазды, олар келтірілген материалдық залалды 30 миллион теңгеге бағалады. Күдікті ҚР ҚК 190-бабы бойынша ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның жеке басы басқа ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі», деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.