• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қыркүйек, 2021

Ойын алаңында 5 жасар баланы тоқ соқты

456 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында 5 жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенбі күні Қарағанды облысындағы  Шет ауданында Ақсу-Аюлы елді мекенінің орталық саябағында сағат 19.20-да бес жасар баланы тоқ соққан.

— Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді. Ақсу-Аюлы аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бала үйде ем қабылдауы үшін ата-анасына тапсырылды, – деп хабарлады  Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес («қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.