• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кино 07 Қыркүйек, 2021

«Қызыл анар» – поэтикалық фильм

612 рет
көрсетілді

Режиссер Шарипа Оразбаеваның «Қызыл анар» («Красный гранат»/Red Pomegranate) атты жаңа фильмі 26-шы Пусан кинофестивалінің басты байқау бағдарламасына енді. Кинотуынды «Жаңа ағымдар» (New Currents) номинациясында бақ сынамақ.

«Қызыл анар» – зорлық-зомбы­лық­тан аман қалып, әділдік іздеген әйелдің оқиғасына құрылған фильм. Шарипа Оразбаеваның сөзімен айтсақ, «бұл кезекті әлеуметтік драма емес, шынайы оқиғалармен өрілген поэтикалық кино».

Фильм рекордтық уақытта, яғни 12 күнде таспаланып біткен. Түсірілім жұмыстары негізінен Алматы облысында өтті.

Кинофестивальде «Қызыл анардан» бөлек Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам ел­де­рінен 10 фильм осы аталымда бақ сы­насады. Байқау ережесі бойынша қазы­лар алқасы екі жеңімпазды таңдап, әрқайсысы 30,000 доллар көлемінде жүлдеге ие болады.

Пусан халықаралық кинофестивалі – 1996 жылдан бері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында жыл сайын өткізілетін Азиядағы ең ірі байқау. Кино додасы биыл 6-15 қазан аралығында өтеді.

Айта кетейік, «Қызыл анар» Ша­рипа Оразбаеваның толықметражды екін­ші туындысы. Режиссер алғашқы «Мә­риям» атты толықметражды филь­мі үшін Лондонда өткен 22-халық­ара­­лық Rainbow Film Festival кинофес­тива­лін­де «Үздік режиссер әйел» атанған.