• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Қыркүйек, 2021

Ресейлік ғалымдар коронавирусты жылдам анықтайтын құрылғы ойлап тапты

168 рет
көрсетілді

Ресейлік ғалымдар 30 минуттан аз уақыт ішінде COVID-19 вирусының ағзада бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты, деп жазады Egemen.kz.

Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін «оқуды» ұсынады.

COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу «ЛЭТИ» Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады, ол патогенді небары 10 минут ішінде анықтай алады.

Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады.

Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.