• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қыркүйек, 2021

Алматыда жерасты жаяу жүргіншілер өткелін су басып қалды

194 рет
көрсетілді

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінің төбесінен су ағып жатыр. Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдері жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тұрғындары Абылай хан мен Гоголь көшелерінің қиылысындағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелінде төбеден су ағып жатқанына шағымданды.

Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2018 жылы осы жерасты өткеліне жөндеу жүргізу барысында төбеге гидрооқшаулағыш орнатылмаған.

«Бүгінде бұл жерасты өткелінде проблема бар. Абылай хан көшесінің арық желісі арқылы су жібергенде, өткелдің шығыс жағына су кетеді. Бұл - су көп болған жағдайда. Өкінішке қарай, судың қайдан ағып жатқанын түсіну қиын. Жол төсемін ашуға тура келеді», деді Алмалы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің өкілі.

Әкімдік видеоға жаяу жүргіншілер өткелін тазартумен айналысатын коммуналдық шаруашылық қызметкері түсірілгенін де нақтылады. Түнгі уақытта өткел жағдайын және санитарлық қондырғыларды бақылайтын бірнеше қызметкер кезекшілікте қалады.