• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қыркүйек, 2021

15 жастағы қазақстандық Словенияда өткен турнирдің «қоласын» иеленді

180 рет
көрсетілді

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словенияда өткен үстел теннисінен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Турнир Оточецте өткізілді. Оған Еуропа, Азия, Американың 20 елінен келген спортшылар қатысты.

15 жастағы теннисшілер арасындағы жарыста қарағандылық Қазақстан чемпионы Алан Құрманғалиев үздік өнер көрсетті. Ол алты матч ойнап, бес жеңіске қол жеткізді. Нәтижесінде, қазақстандық жас спортшы елге қола медаль әкелді.