• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Технология 07 Қыркүйек, 2021

WhatsApp-та тағы бір жаңа функция пайда болады

547 рет
көрсетілді

WhatsApp мессенджеріне құпиялылықты сақтау бойынша жаңа функциясы қосылады. Бұл - қолданушы желіге соңғы рет кірген кездегі ақпаратты басқару опциясы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мессенджер қолданушысына өз профиліндегі ақпаратты кім көріп отырғанын нақты білуге мүмкіндік береді.

Мәселен, керекті деген адамдарыңыз үшін мессенджерде соңғы рет болған уақытыңызды толығымен өшірмей, жасыра аласыз. Егер жеке контактілер үшін «Соңғы кіруді» құлыптасаңыз, онда олардың деректері де Сізге қолжетімді болмайды.

Болашақта, WABetaInfo порталы хабарлағандай, жаңа функция фотосуреттер мен профиль ақпаратына бағытталатын болады. Бұл WhatsApp-тың жеке өмір құпиялылығын сақтау мүддесін нығайтуға мүмкіндік береді.

Әзірге бұл мүмкіндік iOS қосымшасының бета нұсқасынан байқауға болады, бірақ жақын арада Android тестерлері үшін де ол қолжетімді болып қалмақ. Бұл опция таяуда WhatsApp қызметі жаңартылған кезде ресми түрде жария етіледі.