• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қыркүйек, 2021

Тәлібтер Ауғанстанның Ұлттық батырының қабірін қорлады

253 рет
көрсетілді

Тәлібтер Ауғанстанның ұлттық батыры Ахмад Шах Масудтың қабірін қорлады. Марқұм тәлібтерге қарсы тұру қозғалысының жетекшісі Ахмад Масудтың әкесі болған, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Ауған журналистері «Талибан» Панджшер арыстаны Ахмад Шах Масудтың қабірін қорлағанын хабарлайды», деп жазады РИА Новости.

Ахмад Шах Масуд - тәжік тектес Ауған далалық қолбасшысы, Ауғанстанның 1992-1996 жылдардағы Қорғаныс министрі. Оның «Панджшер арыстаны» деген лақап аты бар. Ол алдымен Кеңес әскерлерімен және тәліптерге қарсы жүргізген күресімен танымал. 2001 жылдың 9 қыркүйегінде Масудқа сұхбат кезінде қастандық жасалды. Жанкештілер өздерін журналистер ретінде таныстырып, бейнекамераға жарылғыш заттар жасырған. Ахмад Шах Масуд келесі күні қайтыс болды.

Оның ұлы, 32 жастағы Ахмад Масуд Ауғанстанның солтүстігінде «Талибанға» қарсы тұратын этникалық милиция коалициясын құрды.