Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қыркүйектен бастап әлемде COVID-19 ауруы төмендей бастағанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Қыркүйектің бірінші аптасында 700 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушылары анықталған, тамыздың соңғы күндерімен салыстырғанда әлемде аурушаңдық көрсеткіші төмендеді. Қазір орташа көрсеткіш 600 мың адам деңгейінде қалыптасты. SARS-CoV-2 вирусының таралу қарқыны Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Азия елдерінде төмендеді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда әлемде 221 миллионнан астам коронавирус тасымалдаушысы анықталды.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.