• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қыркүйек, 2021

12,5 мың азамат қандас мәртебесін алды

1281 рет
көрсетілді

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 12 501 адам тарихи отанына оралып, қандастар мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 82,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,0%) Өзбекстаннан, 9,8% - ҚХР-дан, 6,8% - Түркіменстаннан, 2,5% - Моңғолиядан және 4,9% - басқа елдерден келгендер болып табылады.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (10,4%) қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдардың 27,1%-ын және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11%-ы білім деңгейі бойынша жоғары білімді, 39,4%-ы - арнайы орта білімді, 45,7%-ы - жалпы орта білімді және 3,9%-ы білімі жоқтар.